22
қараша
2022
мектеп формасы
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінің
жалпы ата – аналар жиналысының
хаттамасы №5
Ақ жол ауылы 16. 05. 2022 жыл .
Күн тәртібінде
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы бойынша орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау.
2.Әр түрлі мәселелер.
Алғашқы сөз мектеп директоры Ж. Усербаеваға берілді
Құретті ата –аналар өздеріңізге белгілі мектеп формасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы бойынша орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау . Міне біздің мектепте осы бұйрықтағы талапты
орындауымыз керек және де орындапта келеміз.
Бұл мәселе педогогикалық кеңесте қаралап, жаңа 2022-2023 оқу жылында
біріңғай мектеп формасының сақталауы қаралып, сіздермен форманың тұсін, форманың түрін бірауыздан сіздермен келісіуіміз қажет.
Мектеп формасының өзіндік ережесі бар.
Ереженің мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.
Міндетті мектеп формасына сәйкес қыздарға- кою қара көк пиджак, жилет, юбка, ақ жейде; (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, ақ водолазка; қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады; юбкалары классикалық стильде тігілген болуы) ұлдарға-ақ көйлек,коюқара көк түсті пиджак, жилет, шалбар(қысқы уақытта: трикотаж жилет, ақ водолазка; ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады;) киюі керек.
Оқушыларға (қыздарға- хиджап, ұлдарға- тақия, мәсі, галош) діни ағымдағы киімдерді кигізбеуге міндеттелінді;
Жарыс сөзге шығып сөйлегендер.
Ата –аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Ажибаева Д
Құрметті ата –аналар бүгінгі көтеріліп отырған мәселе өте өзекті мәселе деп ойлаймын. Сондықтан барлығымыз бүгінгі біріңғай мектеп формасын сақтау керектігін бірауыздан қолдауымыз керек , менің ойымша біз ауылда тұратындықтан , оқушылардың мектеп формасын біріңғай қою кара көк түс боса деп отырмын.
Себебі біздің ауылдың ауа райы өте қолайсыз болғандықтан осы түсті қалап отырмын.
Қамқоршы кенесінің төрайымы Оразымбетова Урдана Құрметті ата –аналар мен де Ажибаева Дариға әкпейдің айтқаны дұрыс , барлығымызға да жақсы болар еді, бірақ осы іспен кім айналысса да , мектеп формасының бағасы жүйелі болғанын қалаймын. Егерде осы формамен айналысатын фирмамен келісер алдында міндеттті түрде бағасына келісіп алумыз керек, Форма аса қымбат емес болуын қалаймын, ата-ананың қалтасы көтеретіндей болса нұр үстіне нұр болар еді.
Көп балалы ата – ана : Омарова Махаббат Құрметті ата –аналар мен көп балалы ата –аналардың атынан сөйлеп тұрмын. Қаншалықты менің түсінгенім бойынша мектеп формасына мемлекет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмейтін сияқты, сондықан да барлық шығын өзімізге түседі. , кейбір отбасынан мектепке 1-2 баладан келеді, ал біз сияқты көп балалы отбасынан 3-4 бала мектепке келеді. Сонда біз көп балалы ата –аналар не істейміз?
Сондықтан осы мектеп формасына тапсырыс берерде , бағасы жүйелі болсын, аса қымбаст болмасын, себебі менің 4-балам бірдей мектепте оқиды. Ал форманың түсіне келетін болсақ мен сол қою қара көкшіл түсті қолдап отырмын.
Жарыссөзге шығып сөйлеген ата –аналардың барлығы дерлік қою қара көгілдір түсті таңдап, бірауыздан қолдады.
Шешімі 1.Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы «14» қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды міндетті түрде сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында жасалған ережеге сай мектеп формасының түсі қою қара көгілдір түсті болсын және де бағасы тиімді, қол жетерлік аса қымбат болмасын. 2.Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы «14» қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында жасалған ережені орындау қамқоршылық кеңесінің төрайымы Орызмбетова Ұрданаға, ата –аналар қоғамының төрайымы Ажибаева Дариғаға және де сынып бойынша сайланған ата –аналар комиетінің төрайымдарына жүктелінсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуы : ДТЖО Бегайдаров Қ жүктелінсін.
Жиналыс төрайымы Ажибаева Д
Хатшысы Омарова Д