Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы » СШ№15 им. Жаугаш батыр
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№15 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-41-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-41-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
28
қаңтар
2019

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің жоспарға сай отырысының
№5 хаттамасы


Ақ жол ауылы 28 желтоқсан 2018 жыл

Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У, кеңес мүшелері, №15 ЖББМ директоры Н Жақанов , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева , кәсіподақ ұйымының төрағасы Спанқұлов Ғ

Хатшы Омарова Махаббат

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1 .Мектеп оқушыларының аудандық, Әкім шыршасына қатысуы
2. І-ші жарты жыл бойынша мектеп инспекторы Абдуллаев М есебі
3. 9,11 сыныптардың ОЖСБ-ға дайындығы бойынша жағдай жасау арқылы нәтижесін арттыру жұмыстарын жүргізу
Тыңдалды:

Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова мен мектеп директоры Н Жақанов алғы сөздермен аша келе, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева 2018 жылдың 27 желтоқсанда әлеуметттік жағынан аз қамсыздандырылған отбасынан 5-ші сынып оқушысы Тынышбек Нұрасыл және жартылай жетім мәртебесінде тәрбиеленіп отырған 5-ші сынып оқушысы Муқан Ансар аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Үміт» сарайында өткен аудан Әкімінің шыршасында болып, мерекелік іс-шараларға қатысып ,Жаңа жылдық сыйлықтар алғандарын баяндап өтті.
Екінші мәселе бойынша есеп берген мектеп инспекторы Абдуллаев М өз баяндамасында 2018-2019 оқу жылында мектеп бойынша Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның тізімдік есебінде оқушы жоқтығын, сонымен қатар ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілетінін, балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген күндізгі, кешкі рейдтер барысында ешқандай құқықбұзушылық фактілері анықталмағаны туралы, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау, оның алдын алу және балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13 желтоқсанында Меркі аудандық сотының ғимаратында «Ашық есік» күні өткізілгені туралы және балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыста мектеп әкімшілігі тарапынан балалардың мектепке бару және мектептен үйіне қайту жолдарында немесе маңында орналасқан иесіз жылжымайтын мүліктерге ревизия жасалынып, ревизия барысында ауылда 3 тұрмайтын үй анықталып, иесіз қалдырылғандықтан қауіпті аймақ деп анықталып, анықталған қауіпті нысанның алдына «Абайлаңыз қауіпті аймақ!», деген жазуы бар ескерту тақтайшалары қойылғанын баяндап өтті.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев сөз алды. Ол өз сөзінде : «ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі.Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек.ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет.
ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.
ОЖСБ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі»,-деп атап көрсетті.
Демесінова С.Д. 2019-2021 жылдарға білім беруді дамыту жөніндегі облыстық білім басқармасы мен аудан әкімінің өзара келісіп, бекітілген жол картасы бойынша мектепішілік бақылау жүйесінде оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бақылауға (ОЖСБ) – дайындық жасау мақсатында алдын- ала тестілеу мониторингісін жүргізу, оқу піндерінің оқытылуын бақылау жүргізіліп жатқандығы туралы атап өтті. Соның негізінде 4,9,11 сыныптардың сабағына қатысып, мектептің психологиялық қызметтерінің ОЖСБ-ға дайындық нәтижесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы да тілге тиек етті.
ДТЖО Тойбаева Қ сөз алып, мектепте «Қамқорлық» акциясының алғашқы онкүндігі өтілгендігі туралы ақпарат берді.Ол акцияның нәтижесінде аз қамтылған, жайсыз, қамқорлыққа алынған отбасындағы 2 оқушыға мектеп ұжымы атынан демеушілік ретінде қыстық аяқ киімдер берілгендігі және акцияның жалғасы бар екендігі жөнінде хабардар етті.

Шешімі:

1.Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыс бағыты оқу процесі мен балалардың қысқы демалыс кезеңдерінде ата-аналар тарапынан жауапкершілікке алынсын.
2. Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтар басшылыққа алынсын.
3.Оқушылардың оқу жетістіктері сырттай бақылауға дайындық жасау мақсатында тест жұмыстарын алу мәселесі күшейтілсін.


Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова

Мүшелері : Ажибаева Дариға
Асылбаев Бауыржан
Нуров Асылжан
Сүлейменова Гүлжан
Жексенова Жанагүл
Мүсірепбекова Айнұр
Байжанов Орынбасар
Есеев Бағлан







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив