Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы » СШ№15 им. Жаугаш батыр
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№15 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-41-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-41-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
28
қаңтар
2019

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің жоспарға сай отырысының
№4 хаттамасы


Ақ жол ауылы 30 қазан 2018 жыл

Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У, кеңес мүшелері, №15 ЖББМ директоры Н Жақанов , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева , кәсіподақ ұйымының төрағасы Спанқұлов Ғ

Хатшы Омарова Махаббат

1. 2018-2019 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы барысының өтуі туралы
қорытынды есеп.
2. Оқушылардың мектеп асханасында ата-ана есебінен тамақпен қамтылуы
3. Мектептің 2018-2019 оқу жылының жылыту маусымына дайындығы.

Тыңдалды:

Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова алғы сөзбен аша келе, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша №15 жалпы білім беретін мектеп директоры Н Жақанов жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы аясында түрлі санаттағы 20 оқушыға, оның ішінде жартылай жетім, аз қамтылған отбасынан және де көпбалалы отбасынан шыққан 20 балаға 300000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілгені туралы мәлімет беріп өтті.Аталған іс-шара барысында Ақ жол ауылының тумасы Алматы қаласының түрғыны Әбжапаров Н кәсіпкердің және де мектеп ұжымы атсалысқанын баяндады.
Екінші мәселе бойынша білім ошағы бойынша оқушылардың мектеп асханасында тегін және ата-ана есебінен тамақтануына жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев биылға біздің мектепке ақша бөлінбегендіктен мектеп буфетінде ата-ана есебінен тамақтану жұмысы да жүйелі жолға қойылғанын, яғни мектеп алды даярлық тобы мен 1-ші сынып оқушылары ата-ана есебінен тамақтанып отырғанын баяндап өтті.
Үшінші мәселе бойынша 2018 жылдың қазан айының 15-нен бастап кестеге сай білім ошағында жылыту маусымы басталғанын, 22 қазанда жылыту қазандығындағы бүгінгі күнге жылыту қазандығы бірқалыпты режимде істеп жатқанын, білім ошағында температуралық режим өз нормасында сақталып отырғанын баяндап өтті.


Оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың күзгі демалыста болуына қарамастан кеңес мүшелері отырыс соңында мектептің буфетімен , буфеттің материалдық жабдықталуымен, санитарлық тазалығымен, сонымен қатар жылыту қазандығының жабдықталуымен, жалпы жұмысымен танысып өтті

Шешім:

1. Мектеп асханасында ата-ана есебінен тамақтану жұмысын жандандырып, жүйелі жолға қою. Аталған жұмыс бағыты мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы бойы қадағалануы қажет.
2. Жылыту маусымында кезекшілік күшейтіліп, мектеп ішінде жылулық температуралық режим үздіксіз сақталуы керек.



Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова

Мүшелері : Ажибаева Дариға
Асылбаев Бауыржан
Нуров Асылжан
Сүлейменова Гүлжан
Жексенова Жанагүл
Мүсірепбекова Айнұр
Байжанов Орынбасар
Есеев Бағлан














Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив