28
қаңтар
2019
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының
№1 хаттамасы
Ақ жол ауылы 15 тамыз 2018 жыл
Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У, кеңес мүшелері, №15 ЖББМ директоры Н Жақанов , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева
Хатшы Омарова Махаббат
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1. 2018-2019 оқу жылында білім ошағында жоспарланып атқарылатын жұмыстарды қадағалап, тиімді атқарылуына ықпал жасау мақсатында №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімін анықтау.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптарды орындау.
3. Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру жұмысы барысымен танысу.
Тыңдалды:
Отырысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығы негізінде 2018 жылдың сәуірінде сайланып бекітілген №15 жалпы білім беретін мектебі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің барлығы қатысты. Кеңес отырысының 2018 жылғы 21 ақпандағы шешімі мен жоғарыда аталған үлгілік қағидағаның жалпы ережелерінің 2 тараудағы 5-13 аралығындағы пунктерде көрсетілген талаптарға сай коммерциялық емес ұйым өкілі Оразымбетова Урдана кеңес төрайымы өкілеттілігі ,Ажибаева Дариға – ата-ана, Сүлейменова Гүлжан ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі, Жексенова Жанагүл- аналар кеңесінің мүшесі, Мүсірепбекова Айнұр- медициналық бөлімінде еден жуғышы, Асылбаев Бауыржан – демеуші, Есеев Бағлан - жеке кәсіпкер , Байжанов Орынбасар зейнеткер, демеуші,-ата-ана, Нуров Асылжан -ата-ана мүшелік өкілеттілігі 2018 жылының соңына дейін ұзартылып белгіленді.
Ереженің 13 пунктінің талабына сай қамқоршылық кеңестің хатшысы болып мәдениет бөлімінің қызметкері, жауапты маман, Ақ жол ауылының кітапханашысы М.Омарова сайланды.
Кеңес мүшелерінің құрамы ашық дауыс беру жолымен өтіп, кеңес мүшелері өкілеттілік мерзімге жазбаша келісімдерін берді.
Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Н Жақанов пен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева сөз сөйледі.Олар өз сөзінде жаңа оқу жылында бұйрықта көрсетілген, атап айтқанда «Ұлдардың мектеп формасы: кою қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж, жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады», «Қыздардың мектеп формасы: кою қара көк түсті пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады», «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» және «Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі» деп «Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» деп аталатын бұйрықтың 2 тарауының 8,9,13 және 19 пункттерінде көрсетілген талаптарды сақтау туралы мәселе кезекті рет тамыз айының соңында мектепте өтетін педагогикалық кеңестің отырысында және ата-аналар жиналысында айтылып, ескертілетіні, ол туралы хаттамалар тіркелетіні жөнінде де айтып өтті.Сонымен қатар ол мәселе жаңа оқу жылында қосымша барлық сыныптарда оқушылар арасында айтылды.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры 2018-2019 оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы жоспар құрылып,бұйрық қабылданғанын айта келе, акцияның алғашқы онкүндігінде мектеп ұстаздарының демеушілігімен аз қамтылған отбасынан шыққан 2 оқушыға 15000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіліп, оларға мектеп формасы мен оқу құралдары алып берілгені туралы баяндады.Отырыста аталған іс-шара барысын алдағы уақытта да қадағалап, жұмысты жандандыру, акцияға демеушілерді тарту мәселесі талқыланды.Отырыс барысында кәсіпкер Есеев Б сөз алып, алдағы уақытта акция барсының нәтижелі өтуіне өз үлестерін қосатынында айтып өтті.
Шешім:
1. 9 адамнан құралып бекітілген №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілігі 2019 жылдың 15 мамырна дейін белгіленсін..
2. Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып Ақ жол ауылының кітапханашысы М.Омарова бекітілсін..
3. Білім ошағында аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан, жетім, жартылай жетім мәртебесінде тәрбиеленіп білім алып отырған балалардың тізімдері анықталып, аталған санаттағы балаларға 2018-2019 оқу жылында ұйымдастырылып отырған дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» және басқа да қайырымдылық акциялар аясында көмек көрсетілуі Қамқоршылық кеңес тарапынан жыл бойы қадағалансын.
4. Аталған іс-шараларға демеушілерді тарту жұмысы жандандырылсын.
5. Жалпы 2018-2019 оқу жылында үлгілік қағиданың 3 тарауында көрсетілген кеңеске берілген өкілеттілікке сай жұмыстар жыл бойы атқарылып, қадағалансын.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптарды оқушылардың орындауы жаңа оқу жылында мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалансын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова
Мүшелері : Ажибаева Дариға
Асылбаев Бауыржан
Нуров Асылжан
Сүлейменова Гүлжан
Жексенова Жанагүл
Мүсірепбекова Айнұр
Байжанов Орынбасар
Есеев Бағлан