29
қазан
2021
Жауғаш батыр атындағы № 15 жалпы орта білім беретін мектеп
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінің тамақтандыру саласына мониторниг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2021 жылдың қазан айының 15 күні мектеп асханасында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының 2 - қосымшасында көрсетілген шектеу іс-шаралары , оның ішінде карантин кезіндегі мектепке тамақтандыруды ұйымдастыруда қойылған талаптардың орындалуы және мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақ сапасы бақыланды. Іс - шара барысында бірінші кезекте асхананың санитарлық тазалығы, тамақтанарда білім алушылардың санитарлық – гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, қолын өңдеуге арналған тері антисептиктердің болуы, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, арнайы қайнатылған ауыз судың болуы, асхана қызметкерлерінің тазалығы,санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Аталған жұмыс бағыты мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы бойы қадағалану туралы ұсыныс айтылды.