Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы » СШ№15 им. Жаугаш батыр
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№15 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-41-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-41-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
28
қаңтар
2019

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының
№3 хаттамасы
Ақ жол ауылы 18 қазан 2018 жыл

Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У, кеңес мүшелері, №15 ЖББМ директоры Н Жақанов , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева, мектеп психологы Бегайдаров Қ, Ата-ана қоғамдық кеңесінің төрайымы Ажибаева Д

Хатшы Омарова Махаббат

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. 2018-2019 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы барысының өтуі туралы қорытынды есеп.
2. Мектептің педагогикалық кадр және оқушы саны, оның ішінде әлеуметтік мәртебелеріне сай оқушылар саны.
3. Білім ошағының материалдық жағдайы, сыйымдылығы.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптардың оқушылар арасында орындалу барысы.
5. Отбасындағы ата-аналар тарапынан жүргізіліп отырған бала тәрбиесінің сапасы, бүгінгі күнгі дәрежесі. Мөлтекауданда мектеп және құқық қорғау орган қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіп отырған күндізгі, кешкі рейдтердің нәтижелері, бала тәрбиесіндегі ата-аналық жауапкершілік, балалардың жол Ережесін сақтауы, себепсіз сабақтан қалмауы,

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева 2018-2019 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы барысының өтуі туралы қорытынды есебін берді.
Жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы барысында 20 оқушыға, оның ішінде 10 аз қамтылған отбасынан шыққан балаға 300 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілгенін айтып өтті.Аталған іс-шара барысына мектеп ұжымы мен мөлтекауданда тұратын бірнеше кәсіпкердің атсалысқанын баяндап, оларға мектеп әкімшілігі тарапынан ризашылығын білдірді.Сонымен қатар Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ тізімдік есебінде, сонымен қатар мектепішілік есепте оқушылар жоқтығын айтып өтті.

Екінші мәеле бойынша Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің білім мекемелері жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі отырысында мектеп басшыларының есеп беру кестесіне сай 2018 жылдың 18 қазанында №15 жалпы білім беретін мектебінде мектеп директоры Н Жақанов мектеп жанында құрылған Қамқоршылық кеңесіне білім ошағында 2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша есебін берді.
Есеп беру баяндамасын мектеп директоры мектептің 1970 жылы соғылып, 50 жылдық тарихы бар екендігі, жаңа 2018-2019 оқу жылын 12 сынып бойынша 112 оқушы оқып отыр деген мәліметтерді беруден бастап, педагогикалық кадр бойынша 29 мұғалім, оның ішінде 4 мұғалім жоғары санатта, 19 мұғалім 1 санатта, 6 мұғалім 2 санатта, әлеуметтік мәртебелері бойынша мектепте 4 жартылай жетім, 18 аз қамтылған отбасынан шыққан, 14- көпбалалы отбасынан шыққан оқушы оқып отырғаны туралы баяндады.
Мектебімізде тәрбиенің басым 8 бағыттарында және Елбасының Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар мақаласы аясында үлкен ауқымды жұмыстар жүргізілді.Мектебіміздің ашылу салтанатынан бастап жазғы сауықтыру лагеріне дейін біз баланың бойында патриоттық сананы қалыптастыру бағытында жұмыс жасадық.100 кітап Республикалық акциясы аясында «Кітап заманымыздың өмірі», «Кітап және отбасы»тақырыптарында оқушыларды кітап оқуға тарту мақсатында жұмыстар жүргізілсе,Отбасы тақырыптарында ата-аналармен жиналыстар,спорттық іс-шаралар, «Мен және менің отбасым» тақырыптарында танымдылық сабағы жалғасын тауып отырды. «Талмен бірге өсейік» атты акция өтті.
Баяндама барысында сонымен қатар 2017-2018,2018-2019 оқу жылдарындағы оқушылардың республикалық, облыстық және аудандық көлемде түрлі шығармашылық жетістіктері, оқушылардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптарды орындап отырғаны, мектепте орамал тартатын, хиджаб киетін оқушылардың жоқ екендігі туралы да айтылды.
Есеп беру соңында баяндамашы тарапынан мектеп проблемалары, оның ішінде жаңа білім ошағын салуды қажет екені, спорттық зал мен шеберхана, асхана бөлмелердің жетіспейтіндігі туралы да айтылды.
Кеңес мүшелері өз кезегінде аталған проблемалардың шешілу барысын үнемі қадағалауда ұстау керек, мөлтекауданда жүргізіліп отырған рейдтерге тікелей қатысып, ата-аналармен бала тәрбиесі бағытындағы жұмысты жандандыру қажет деген өз ұсыныстарын айтты.

Шешім:

1. Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ мен мектеп әкімшілігі тарапынан балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту қажет.

2.Отбасындағы бала тәрбиесі мен баланың білім ошағында мектеп Ережесін сақтау жөнінде ата-аналармен жұмыс жанданып, күшейтілуі тиіс.

Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова

Мүшелері : Ажибаева Дариға
Асылбаев Бауыржан
Нуров Асылжан
Сүлейменова Гүлжан
Жексенова Жанагүл
Мүсірепбекова Айнұр
Байжанов Орынбасар
Есеев Бағлан


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив