Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебіндегі тамақтандырудың сапасына мониторик жургізу жөніндегі комиссия жұмысы
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебіндегі тамақтандырудыңсапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комисся жұмысы
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сайАсхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қайнаған су бар. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген.
Қорыта келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарында, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарын орындауда айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ.
Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Сондықтан да балаларға тамақтануды дұрыс әрі сапалы ұйымдастыру біздің міндетіміз.
Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 100 пайыз яғни 12 оқушы қамтылған. Мәзір – белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Бракераждық жұмысты жүргізу мектеп медбикесінің жауапкершілігіне жүктелген. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген.
Қорыта келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарында, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарын орындауда айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ.