26
сәуір
2022
«Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау»
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында айлық жоспары бойынша сәуір айында бастауыш сынып мұғалімі К.Жантелиеваның ұйымдастыруымен кезекті отырысы «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтілді.
Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін енгізу. Сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өздігіннен білім алуға және дамуға дайын, алдын-ала белгілі және нақты критериийлер бойынша объективті бағалау жолдарын талқыға салу .
Жүру барысы:
1. Кіріспе (Дөңгелек үстелдің мақсаты мен сұрақтарына тоқталып өту)
2.«Білім мазмұнын жаңартудағы бағалау туралы жалпы түсінік» тақырыбында сөз
3.Жиынтық бағалау-оқушының білім сапасының көрсеткіші:
а) Журнал толтыру қалай жүзеге асырылады?
ә) Бағалаудың жүргізу жолдары .
б) Жиынтық бағалау қалай жүргізіледі?
( Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дәріс беріп жүрген мұғалімдер өз іс тәжірбиесімен бөліседі)
5. Қорытынды.
Кіріспе . Мектеп үйлестірушісі Қ. Нурова
Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жүргізілген экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) шолуының негізінде білім алушылар үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым мәнді ету мақсатында барлық бастауыш және орта мектептерде критериалды бағалау моделін енгізу ұсынылды.
Критериалды бағалау моделі мен оны сыныпта қолдану тәсілдері туралы толығырақ ақпаратты «Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық» және «Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралдарынан табуға болады. Мемлекетіміз қашан да білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше маңыз беріп келеді. Оның нақты дәлелі – Елбасымыз белгілеген «100 нақты қадам» бағдарламасы. Аталған Ұлт жоспарының әрбір жолының мазмұнында «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» атты жасампаз бағдар айқын көрініс тапқан. Ендеше, білім беру жүйесі жаңартылады. Яғни, білім – әлемдік, тәрбие ұлттық деңгейде болуы тиіс. Бұл ретте ұстаздар қауымына жүктелер міндет жүгі де ауыр екендігі анық.
Бүгінгі білім саласындағы «Жаңартылған оқу бағдарламасы» қоғамдағы кез келген ата-ананың көкейінде «бұл бізге не береді?» деген сауалдың болуы заңды. Қолданыстағы білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал, қазіргі жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.
1. «Білім мазмұнын жаңартудағы бағалау туралы жалпы түсінік» тақырыбында баяндама және өз іс-тәжіресінде қалай жүзеге асырылуы туралы сөз.
Бағалауды сабақ барысында қалай қолданып жүргендігі туралы бастауыш сынып мұғалімдері Қарабекова Қаракөз, Нарботаева Айман өз тәжірибесімен бөлісті.
2. Жиынтық бағалау-оқушының білім сапасының көрсеткіші:
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ ) және жиынтық бағалау (ЖБ). Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі бағаланатын топтың үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді

Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі – пәндер бойынша ортақ тақырыптардың болуы. Оқу мақсаттарының белгіленіп беріліп, сол мақсаттар бойынша білім алушылардың оқу жетістігін «жетті», «талпынды» деп бағалау жүргізіледі. Әйтсе де пән мұғалімдерінің шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар жүргізіліп, оларды алға жылжыту үшін саралау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы «Мәңгілік ел» құндылықтарына негізделген. Былайша айтқанда, қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, еңбек, шығармашылық деген сөз. «Мәңгілік ел» идеясының негізі пәндерді оқыту барысында оқулықтарға, сондай-ақ сабақтан тыс тәрбие жұмыстарына да қосылатынын да атап өтуге болады. Аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Білім алушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетті пайдасына асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.