Әдістемелік жұмыс » СШ№15 им. Жаугаш батыр
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№15 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-41-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-41-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
желтоқсан
2021

Әдістемелік жұмыс

Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш
сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
«Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, бастауыш сыныптарда білім мазмұнын жаңарту негіздерінде танымдық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру» тақырыбында жұмыс атқарады.
Мақсаты: «Оқушылардың білім сапасын мемлекеттік стандартқа сай дәрежеге жеткізу. Оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген саналы ынтасын дамыту. Жаңашыл ұстаздардың іс- тәжірибесімен, сабақ беру тәсілдерімен ұйымдастыру шеберліктерімен танысу. Пәнаралық байланысты күшейту»
Міндеттері:
1. Оқушылардың ынтасын, ізденушілігін, қызығушылығын арттыратын сабақтың жаңа формуларын, әдіс- тәсілдерін қолдану.
2.Оқытудың жаңа технологияларын оқып үйреніп, оны тәжірибесіне қолдану.
3.Әр тоқсан сайын білім сапасының деңгейін анықтап, мониториг қорытындысы негізінде сараптама жасау.
4.Дарынды балаларды анықтап, жеке жұмыс жүргізу.
5.Оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін оятуға дайындалған сабақтар түрлері, сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру.
6.Қазіргі қоғамда өмір сүруге қажетті білім, білік дағдыларын дамыту.

Бастауыш сынып бірлестігінің құрамында 7 жоғары білімді мұғалімдер бар . Олардың әрқайсысы мамандықтарына сай, өз ісіне берілген, шәкірттеріне терең де тиянақты білім беруде барлығы тынымсыз еңбек етуде.
Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі: Қарабекова Қаракөз Кәденқызы.

Өз білімдерімен тәжірибелерін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімдері деңгейлік курстарға барып, оқып келді.
Атап айтсақ, Карабекова Каракоз Каденовна, Нарботаева Айман Оразалиевна, Жантелиева Камшат Джумахановна, Нурова Канағат Сатжановна
ІІІ-деңгейді курсты оқып жаңа технологиялар түрлерімен таныс болып,білімін шыңдап, жетілдіріп келді.
Біліктілік санатынан өтіп, педагог-сарапшы санатын алған мұғалімдер : Карабекова Каракоз Каденовна, Жантелиева Камшат Джумахановна, Нурова Канагат Сатжановна, Калиева Айжан Бегеновна
Бірлестік жетекшісі Педагогтың аты-жөні Карабекова Каракоз Каденовна
Туған күні 06. 28. 69 ж
Бітірген оқу орны Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училщесі (ДПУ) 1986-1989 жж
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ТарМПИ 2003-2009 ж
Пед. өтілі 33 жыл
санаты Педагог - сарапшы

Бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімі

Педагогтың аты-жөніНарботаева Айман Оразалиевна
Туған күні03. 07. 71 ж
Бітірген оқу орныТИГУ
Пед. өтілі12 жыл
санаты санатсыз

Бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімі

Педагогтың аты-жөніКалиева Айжан Бегеновна
Туған күні07. 29. 74 ж
Бітірген оқу орныАрабаева атындағы КирГУИ
Пед. өтілі23 жыл
санатыПедагог - сарапшы

Бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімі
Педагогтың аты-жөні Маралбаева Гаухар Дильдабековна
Туған күні01. 99. 84 ж
Бітірген оқу орныҚазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеті
Пед. өтілі14 жыл
санаты санатсыз

Бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімі

Педагогтың аты-жөніБайтемирова Назира Орынбасаровна
Туған күні03. 09. 76 ж
Бітірген оқу орныТарГПИ
Пед. өтілі12 жыл
санаты ІІ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында айлық жоспары бойынша қараша айында кезекті отырысы «Сабақ құрылымы» дөңгелек үстел өтілді. «Сабақ құрылымы» дөңгелек үстел мақсаты: ұстаздарды жаңашылдыққа инновациялық әдіс- тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой қиялын арттыру.
Міндеті: жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйтқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту.Мұғалімнің эмоциялық көңіл- күйін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Дөңгелек үстел ережесі:
1.Белсенділікті арттыру
2.Бірігіп жұмыс істеу
3.Бір- біріне кедергі келтірмеу
4.Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5.Өзіме пайдалы нәрсені алу
6.Әріптестермен жақсы қарым- қатынаста болу
Сабақ құрылымы- сабақты үйлестірудің әр түрлі нұсқаларында оның негізігі сипаттамаларының сақталуы мен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы.Бұл элементтерге мыналар жатады:сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысыншығару.Сабақтың типі құрымдылық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен белгіленеді.
Бірлестік мүшелері өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, әрбір жаңа ұғымдарды күнделікті өмірмен байланыстырып, тиімділігін бағыттау керек.Сабақты өмірмен байланыстырып жоспарлау өтілген тақырыптарды қайталап пысықтауда және тарауды қорытындылауда тиімді болып табылады. Бұл сабақтарды өткізерде, өмірдегі оқиғалармен байланыстыруда оқушылардың жас ерекшелігін ескірген жөн. Оқушыларды қорытынды жасай білуге үйрену керек. Байқағыштыққа, тапқырлыққа, берілген мәселелерді шеше білуге, өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білуге бейімделуі қажет. Білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға өте тиімді болып отыр.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында айлық жоспары бойынша желтоқсан айында 2-4 сынып арасында дүниетану пәні зерделеу бойынша кезеті отырысы өтілді. Бастауыш 2-4 сыныптарында «Дүниетану» пәнінің мақсаты- оқушыларды адамды қоршаған әлеуметтік, және нақты орта туралы білім жүйесі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру. «Дүниетану» пәні бағдарламасы оқушылардың тану, зерттеу дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайдалы болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады,сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.
Дүниетану пәні бойынша 2 сыныпқа Калиева А.Б сабақ береді. Арабаева атындағы КирГУИ, еңбек өтілі 23 жыл. Санаты педагог- сарапшы. Сыныпта 10 оқушы. І тоқсанның қорытындысы бойынша 55 ,6 %.
Дүниетану пәні бойынша 3А,Ә сыныптарға Калиева А.Б сабақ береді.Сыныпта 16 оқушы. «Дүниетану»пәнін меңгеру барысында оқушылардың оқу сапасын арттыру мақсатында, ой-пікірлермен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істей алады. І тоқсанның қорытындысы бойынша 62,5 %.
Дүниетану пәні бойынша 4 сыныпқа Әлімжанов Т.М сабақ береді.Сыныпта 7 оқушы. Алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруді қолдана отырып өз ойларын ашып жеткізе алады. І тоқсанның қорытындысы бойынша 70 %.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында айлық жоспары бойынша желтоқсан айында 2-4 сынып арасында математика пәні зерделеу бойынша кезеті отырысы өтілді.
Мақсаты: Бастауыш сыныптарында жазба жұмыстары арқылы есте сақтау,ауызша және математика тілінде сөйлеу, талдау және тиімді тәсілдермен есептер шығару түрлерін тексеру.
Оқытудың міндеттеріне:
1)Тұлғаның зейін,қабылдау,есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту.
2)Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау,жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау,оның ішінде ойлау қызметін(талдау, зерттеу, жалпылау және т.б), өзін өзі бағалауды жүргізу біліктілігін қалыптастыру.
Математика пәні бойынша 4 сыныпқа Қарабекова Қ.К сабақ береді.Білімі жоғары, (ТарГПИ, ПМНО), еңбек өтілі 33 жыл, санаты педагог- сарапшы .Сыныпта 9 оқушы.Сыныптағы жұмыс дәптерлері толығымен тексерілген. Сыныпта Тұрсынбек Ерғанаттың каллиграфиясы нашар. І тоқсанның қорытындысы бойынша 70 %.
3 «А»сыныбына Нұрова Қ.С сабақ береді. Білімі жоғары(Әулие-Ата) , еңбек өтілі-24 жыл, санаты педагог- сарапшы. Сыныпта 8 оқушы. Сыныптағы жұмыс дәптерлері күнделікті тексеріліп, жаттығу жұмыстары нормаға сай орындалған.Сыныптағы Саламатқызы Бегімсұлудың каллиграфиясы нашар. І тоқсанның қорытындысы бойынша 62,5 %.
3 «Ә» сыныбына Маралбаева Г.Д сабақ береді. Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеті,еңбек өтілі 14 жыл, санатсыз. Сыныпта 8 оқушы бар. Сыныптағы жұмыс дәптерлері күнделікті тексеріліп, жаттығу жұмыстары нормаға сай орындалған. Сыныптағы Шырынбет Айбектің каллиграфиясы нашар. І тоқсанның қорытындысы бойынша 62,5 %.
Математика пәні бойынша 2 сыныпқа Жантелиеаева К.Д сабақ береді. Білімі жоғары (ТарГПИ) , еңбек өтілі-19 жыл, санаты педагог- сарапшы. Сыныпта 10 оқушы. Сыныптағы жұмыс дәптерлері күнделікті тексеріліп, жаттығу жұмыстары нормаға сай орындалған. Сыныптағы қасымбай Кәусардың каллиграфиясы нашар. І тоқсанның қорытындысы бойынша 55,6 %.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив