Ашық сабақ » СШ№15 им. Жаугаш батыр
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№15 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-41-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-41-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қаңтар
2022

Ашық сабақ

Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде
27.01.22 ж бастауыш сынып мұғалімі Қарабекова Қаракөз Кәденқызының ұйымдастыруымен 4 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің септелуі» тақырыбында ашық сабағы өтті. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 4.4.2.3- зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. Ашық сабақта жаңартылған білім мазмұны бойынша тиімді әдіс- тәсілдер пайдаланды.
Сабақ өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған. Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою «Жедел жауап» әдісі арқылы өткізілді.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шабуыл», «Сөз ойла, тез ойла» ойыны таңдап алынған. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген. Жаңа сабақты ашуда әдіс- тәсілдерді ұтымды пайдалана білді. Әдіс –тәсілдер арқылы білім алушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды. «Сәйкестендіру», «Орналастыр» әдістері білім алушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды. Сабақта деңгейлік тапсырмаларды орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты. Бұлай бағалау әділ, ашық түрде білімін бағалайды. Сабақ тиянақты ресурстармен, техникалық құралдар қолдану арқылы және білім алушылардың белсенді қатысуымен өтті. Білім алушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша білім алушылар тармақталған алгоритмдер қолданып, бағдарлама құра білуді меңгерді.Сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.

Похожие публикации:

29 қаңтар 2022 Ашық сабақ
29 қаңтар 2022 Ашық сабақ
26 қаңтар 2022 Ашық сабақ
24 желтоқсан 2021 Әдістемелік жұмыс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив