29
қыркүйек
2025
15 ЖОББМ
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 сынып арасында "Бейтаныс адамдардың қулығы" тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтілді. Мақсаты: Бейтаныс адамдардың алдауына түспеу. Оқушыларға жағымды мотивациялық көңіл күй орнату. Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлескен жағдайлар болады, ол жағдайлар қалай аяқталуы мүмкін. Неге ата-аналар мен педагогтар балаларға көшедегі бейтаныс адамдармен сөйлесуге, қарым- қатынас жасауға тыйым салады? Әр топ жағдайды сипаттайтын парақшаларға өз ойларын жазып, талқылады. Мінез-құлықтардың ең дұрыстары таңдалды. Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөлісті















