28
қазан
2022
Бастапқы әскери дайындық
"Бастапқы әскери және технологиялық дайындық сабағында оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалану жолдары" атты аудан көлеміндегі семинар
✅ Жамбыл облысы Меркі ауданының бiлiм бөлiмiнiң ұйымдастыруымен жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 27 қазан күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта бiлiм беретiн мектебінің базасында бастапқы әскери және технологиялык дайындық пән мұғалімдеріне арналған "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында оқытудың тиімді әдіс - тәсiлдерiн пайдалану жолдары" атты семинар болып өтті.
✅ Семинар-практикумды Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Асқар Думан Сәкенұлы ашып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Бағдарлама жоспарына сай мектеп психологы А.Қ.Нысанова психологиялық тренинг өткiздi. "Оқыту мен оқудағы бiлiм сапасын арттыру жолдары" тақырыбында Қонқабаев Нұржау Әбдімомынұлы коучинг өткiздi. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімі Шалданбаев Нұржан Байғабылұлы "Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары" тақырыбында ашық сабақ көрсетіп, әрiптестерiмен өз тәжірибесін бөлісті. Әріптестері тарапынан сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдерді жоғары бағалады. Семинар соңында мұғалімдер арасында пікір алмасу болды! ✅ Осы тұрғыда Жауғаш батыр атындағы N15 жалпы орта білім беретін мектебінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Тажиев Жанғазы Садыханұлы семинар-практикумға белсене қатысып, өз тәжірибесін шыңдады.