Қамқоршылық кеңес хаттама » СШ№15 им. Жаугаш батыр
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№15 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-41-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-41-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес хаттама
22
қазан
2019

Қамқоршылық кеңес хаттама

Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің отырысының
№1 хаттамасы
Ақ жол ауылы 1 тамыз 2019 жыл

Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У және қамқоршылық кеңес мүшелері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева , ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Ажибаева Д

Хатшы Бизақова Толқын

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1.2019-2020 оқу жылында білім ошағында жоспарланып атқарылатын жұмыстарды қадағалап, тиімді атқарылуына ықпал жасау мақсатында №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімін анықтау.
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптарды орындау.
3.Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру жұмысы барысымен танысу.
Тыңдалды:
Отырысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығы негізінде 2018 жылдың сәуірінде сайланып бекітілген №15 жалпы білім беретін мектебі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес мүшелерінің барлығы қатысты. Кеңес отырысының 2018 жылғы 21 ақпандағы шешімі мен жоғарыда аталған үлгілік қағидағаның жалпы ережелерінің 2 тараудағы 5-13 аралығындағы пунктерде көрсетілген талаптарға сай коммерциялық емес ұйым өкілі Оразымбетова Урдана кеңес төрайымы өкілеттілігі Жексенова Жанагүл- аналар кеңесінің мүшесі, Мүсірепбекова Айнұр- медициналық бөлімінде еден жуғышы, Асылбаев Бауыржан – демеуші, Есеев Бағлан - жеке кәсіпкер , Бердібаев Муратша- малдәрігері, , Сүлейменова Гүлжан ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі Көншекова Қаламқас, ,Сырғалбаева Раушан мүшелік өкілеттілігі 2019 жылының соңына дейін ұзартылып белгіленді.
Кеңес мүшелерінің құрамы ашық дауыс беру жолымен өтіп, кеңес мүшелері өкілеттілік мерзімге жазбаша келісімдерін берді. Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Н Жақанов пен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева сөз сөйледі.Олар өз сөзінде жаңа оқу жылында бұйрықта көрсетілген, атап айтқанда «Ұлдардың мектеп формасы: кою қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж, жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады», «Қыздардың мектеп формасы: кою қара көк түсті пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады», «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» және «Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды,



жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі» деп «Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» деп аталатын бұйрықтың 2 тарауының 8,9,13 және 19 пункттерінде көрсетілген талаптарды сақтау туралы мәселе кезекті рет тамыз айының соңында мектепте өтетін педагогикалық кеңестің отырысында және ата-аналар жиналысында айтылып, ескертілетіні, ол туралы хаттамалар тіркелетіні жөнінде де айтып өтті.Сонымен қатар ол мәселе жаңа оқу жылында қосымша барлық сыныптарда оқушылар арасында айтылды. Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры 2018-2019 оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы жоспар құрылып,бұйрық қабылданғанын айта келе, акцияның алғашқы3.ІІІ – ші мәселе бойынша : ДТЖО: Тойбаева Қ « Мектепке жол» акциясының қорытындылау мақсатында ҚР және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 31 шілдесіндегі хатына сәйкес жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және 1- қыркүйектен мектепке келе алмайтын балалардың әлеуметтік себептерін алдын – алу мақсатында мектепте « Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, бірқатар іс – шаралар атқарылғандығы туралы айтып өтті. Шілде айынан бері мектептің әрбір мөлтек ауданына қатысты барлық көшелерге рейдтер өткізілгендігі туралы , өткізлген рейдтің нәтижесі бойынша осы күнге дейін мектепке қамтылмай қалған оқушы анықталмағаны , рейд нәтижесінде әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасы анықталып, осы 15 отбасы әлеуметтік жағынан азқамтылған отбасыларына шамамен 15000 мың тенге көлемінде көмек көрсетілгендігі , « Мектепке жол» акциясы жүру барысында барлығы 225000 мың тенге көлемінде көмек көрсетілгендігі туралы айтып өтті. .Отырыс барысында кәсіпкер Есеев Б сөз алып, алдағы уақытта акция барсының нәтижелі өтуіне өз үлестерін қосатынында айтып өтті.
Шешім:
1.9 адамнан құралып бекітілген №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілігі 2020 жылдың 15 мамырна дейін белгіленсін..
2.Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып Ақ жол ауылының кітапханашысы М.Омарова бекітілсін..
3. Білім ошағында аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан, жетім, жартылай жетім мәртебесінде тәрбиеленіп білім алып отырған балалардың тізімдері анықталып, аталған санаттағы балаларға 2019-2020 оқу жылында ұйымдастырылып отырған дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» және басқа да қайырымдылық акциялар аясында көмек көрсетілуі Қамқоршылық кеңес тарапынан жыл бойы қадағалансын.
4.Аталған іс-шараларға демеушілерді тарту жұмысы жандандырылсын.
5.Жалпы 2019-2020 оқу жылында үлгілік қағиданың 3 тарауында көрсетілген кеңеске берілген өкілеттілікке сай жұмыстар жыл бойы атқарылып, қадағалансын.
6.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығындағы талаптарды оқушылардың орындауы жаңа оқу жылында мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалансын. Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова
Мүшелері : Асылбаев Бауыржан
Жексенова Жанагүл
Сүлейменова Гүлжан
Мүсірепбекова Айнұр
Есеев Бағлан
Сырқалбаева Раушан
Сейдуахасов Муратша
Көншекова Қаламқас



Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңесі отырысында мектеп инспекторының есеп беру
№2 хаттамасы

Ақ жол ауылы «24» қыркүйек 2019 жыл

Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У, 9 кеңес мүшелері, №15 ЖББМ директоры Н Жақанов , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева, АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ –ның инспекторы Сахов Н,

Күн тәртібінде қаралған мәселе:


1.Қамқоршылық кеңес алдында АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ –ның инпекторы полиция капитаны Сахов Н « Жасөспірім және заң»тақырыбында есебі.

/ АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ –ның инпекторы полиция капитаны Сахов Н/


Меркі /АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ –ның инпекторы полиция капитаны Сахов Н қамқоршылық кеңестің мұшелері алдында жоғарғы сынып оқушыларын және де ата – ананы қытыстыра отырып « Жасөсппірім және заң » тақырыбында дөнгелек үстел өтілді.
Жеке тұлғаны жан – жақты дамытатын тәрбие саласының бірі құқықтық тәрбие болғандықтан « Оқушының құқықтық қуаттылығын арттыру – қазіргі таңдағы негізгі міндет » тақырыбында жұмыс жүргізіліп жатыр..
Өткен оқу жылы құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп есебінде оқушы тіркелген жоқ. Мектепішілік және жайсыз отбасы жоқ, сонымен қатар «тәуекел » тобында тұрған оқушы да жоқ. Жоспарланған іс –шара дер кезінде өтіліп , талдау жасалынып отырды.




Қамқоршылық кеңес мүшелерін қатыстыра отырып мектеп инспекторы Н Сахов « Жасөспірім және заң » тақырыбында дөнгелек үстел өтілді.
Дөнгелек үстел өту барысында аудан көлемінде кәмелетке жасы толмағандар арасында болып жатқан құқық бұзушылықтың салдарынан 1 қылмыс тіркеліп , іс қозғалғаны және де аудан бойынша 25 бала есепте тұрғандығы туралы мағлұмат берілді.
Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартылатынын, 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік тартылатыны туралы түсініктеме жұмысын жүргізді


Заңды білу – заман талабы. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау.
заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде деп дәрісін қорытты.
Кездесу барысында Марлен мырза бүгінгі күні кәмелетке жасы толмағандардың арасында түнде жүру , топтасып төбелесу , сонғы уақытта кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс түрлерінің негізгі бөлігі яғни 60-70 пайыздан астамы ұрлық екенін баса айтты. Сонымен қатар оқушылардың қылмыстық істерге көптеп араласуы, олардың бос уақыттарының көп болуынан деді .Себебі қазір оқушылар бос уақыттарын дұрыс пайдалана алмайды. Оның үстіне ата – аналары да оларға дұрыс көңіл аудармайды.
Ата – аналары түрлі күнкөрістік жұмыстарға кетеді де баласымен байланысын үзіп алады.
Сондықтан ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу кезек күттірмейтін мәселе екендігін, түн мезгілінде балаларын көшеге шығармауын талап етті.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауына , адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау керектігін түсіндірілді.
Ең алдымен кәмелетке толмағандарға түнгі уақытты көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктері мен темекі тауарларын сатуға тыйым салу заңдарының орындалуын қадағалау бойынша АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ- мен бірлескен рейдтік тексерулер жүргізілгенін, .рейд барысында ешқандай оқыс оқиға тіркелмелмегені айтылды.

Мектеп инспекторының есебі бойынша сөз алған бөлім бастығының орынбасары Б Дәуренбеков оның жұмысына оң баға бере келе, жұмыс барысы бойынша атқарылатын кейбір жұмыс бағыты бойынша жұмыста кемшіліктер бар екенін де атап өтіп,мектеп әкімшілігін мектеп инспекторының құқығы мен міндеттерімен таныстырды. Мектеп директоры Н Жақанов қатысушыларға есеп жиынына қатысқандарына ризашылығын білдіріп, мектеп инспекторының аз уақыт ішінде атқарған жұмысына оң баға беріп, бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі,оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысында барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана тиісті нәтиже болатынын айтып өтті.

Ұсыныс:

1. Мектеп инспекторы мен әкімшілік тарапынан балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту қажет.
2. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата –аналармен , сынып жетекшілермен, мектеп инспекторымен бірлескен жұмыс өз жалғасын тапсын .

Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова
Мүшелері : Асылбаев Бауыржан
Жексенова Жанагүл
Сүлейменова Гүлжан
Мүсірепбекова Айнұр
Есеев Бағлан
Сырқалбаева Раушан
Сейдуахасов Муратша
Көншекова Қаламқас











Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің отырысының
№2 хаттамасы
Ақ жол ауылы 15 қазан 2018 жыл

Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У, кеңес мүшелері, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева, АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ –ның инспекторы полиция капитаны Сахов Н , АІІБ-нің ЖПҚБ –ның бастығы полиция майоры А Майнаусов ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бегайдаров Ж, ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Ажибаева Д.


Хатшы Омарова Махаббат

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1.Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімі және Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ арасындағы жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылар арасында құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын алу, болдырмау және білім беру мекемелерінде бекітілген полиция инспекторларының жұмысын үйлестіру жөніндегі өткізілген бірлескен іс-шара жоспарындағы кестеге сай Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Н Саховтың есебі.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева биылғы оқу жылында мектепте 110 оқушы оқып отырғанын баяндай келе, тақырып бойынша дайындаған видео слайдтарды қолдана отырып, ол өз сөзін оқушылар арасында түрлі санаттар мен ата-аналар туралы нақты сандық мәліметтермен толықтырып өтті.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мектеп есебінде оқушы тіркелген жоқ. Мектепішілік және жайсыз отбасы жоқ, сонымен қатар «тәуекел » тобында тұрған оқушы да жоқ екенін баяндап өтті.
Аталған мәселе бойынша екінші болып сөз алған мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-нің полиция капитаны Н Сахаов өз есебінде



Ата –аналарға аудан көлемінде кәмелетке жасы толмағандар арасында болып жатқан құқық бұзушылық туралы хабардар етті..
Ата – аналарға сонғы уақытта кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс түрлерінің негізгі бөлігі яғни 60-70 пайыздан астамы ұрлық екенін баса айтты.
Сонымен қатар оқушылардың қылмыстық істерге көптеп араласуы, олардың бос уақыттарының көп болуынан деді .Себебі қазір оқушылар бос уақыттарын дұрыс пайдалана алмайды. Оның үстіне ата – аналары да оларға дұрыс көңіл аудармайды.
Ата – аналары түрлі күнкөрістік жұмыстарға кетеді де баласымен байланысын үзіп алады.
Баланың бұзақылық жолға түсіп бұзылмауы үшін ең алдымен, оның ақыл – ойын, сана-
сезімін оята білу керек екендігін , сондықтан ата-анамен тығыз байланыста жұмыс
жүргізіп, жанұяның ролі өте зор екендігін , ата –аналардан түн мезгілінде балаларын көшеге шығармауын талап етті.
Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барада үнемі мынаны ескеріп отыруы тиіс екендігін қатаң ескертті
Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспеу, мас және қауіпті адамнан алыс жүру
қалаға барғанда бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірмеу
Жалпы ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек екендігін, мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалағаны абзал екендігін,
көшеде ұзақ ойнап жүріп қалған бала міндетті түрде қиын жағдайға тап болуы мүмкіндігін, мысалы балалармен ойнап жүріп ерегісіп, төбелесіп қалуы, бір-бірінің заттарын тартып алуы, бөтен бұзақы балалардың көзіне түсуі және олардың ақша талап етуі, дүкеннен жарылғыш заттарды сатып алып ойнауы, т.с.с.. Ата-ана балаға артық ақша бермеуі керектігін, үшкір заттар мен газды балондар алып жүрмеуін қадағалауы қажет екенін, балаға техника қауіпсіздік ережелерін және мынаны ескертіп отыруы керек: үйде жалғыз қалғанда электр жүйесіне жақындамауын , газ плитасына тиіспеу, терезені ашпау, бөтен кісіге есік ашпау, т.с.с. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық. екенін ескертті.Ата –аналарға бірнеше кеңестер берді.
Отырыс соңында қамқоршылық кеңесінің төрайымы У Оразымбетова қатысушыларға есеп жиынына қатысқандарына ризашылығын білдіріп, мектеп инспекторының аз уақыт ішінде атқарған жұмысына оң баға беріп, бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі,оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысында барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана тиісті нәтиже болатынын айтып өтті.

Шешім:

1.Мектеп инспекторы мен әкімшілік тарапынан балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту қажет.
2.Отбасындағы бала тәрбиесі мен баланың білім ошағында мектеп Ережесін (мектеп формасын кию, смартфон ұялы телефондарын ұстамау, сабақтан себепсіз қалмау, зиянды заттарды қолданбау, оқушы этикасын сақтау және т.б.) қатаң сақтау жөнінде ата-аналармен қосымша жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова
Мүшелері : Асылбаев Бауыржан
Жексенова Жанагүл
Сүлейменова Гүлжан
Мүсірепбекова Айнұр
Есеев Бағлан
Сырқалбаева Раушан
Сейдуахасов Муратша
Көншекова Қаламқас






Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің жоспарға сай отырысының
№ 3 хаттамасы


Ақ жол ауылы 8 қазан 2019 жыл

Отырыс өткен орын: № 15 жалпы білім беретін мектебі

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрайымы Оразымбетова У, кеңес мүшелері, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ Тойбаева , кәсіподақ ұйымының төрағасы Спанқұлов Ғ

Хатшы Бизақова Т

1. 2019-2020 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы барысының өтуі туралы
қорытынды есеп.
2. Оқушылардың мектеп буфеттінде бір мезгіл тамақпен қамтылуы
3. Мектептің 2019-2020 оқу жылының жылыту маусымына дайындығы.

Тыңдалды:

Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова алғы сөзбен аша келе, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша №15 жалпы білім беретін мектебінде 2019-2020 жаңа оқу жылында ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы аясында түрлі санаттағы 28 оқушыға, оның ішінде жартылай жетім, аз қамтылған отбасынан және де көпбалалы отбасынан шыққан 28 балаға 425000 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілгені туралы мәлімет беріп өтті.Аталған іс-шара барысында Ақ жол ауылының тумасы Алматы қаласының түрғыны Әбжапаров Нүргелді кәсіпкердің және де мектеп ұжымы атсалысқанын баяндады.
Екінші мәселе бойынша білім ошағы бойынша оқушылардың мектеп буфетінде тегін бір мезгіл ыстық тамақтануына жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б Телешбаев биылға біздің мектепке 25 балаға ақша бөлінгендіктен тамақтану жұмысы да жүйелі жолға қойылғанын, яғни мектеп алды даярлық тобы мен 1-ші сынып оқушылары ата-ана есебінен тамақтанып отырғанын баяндап өтті.
Үшінші мәселе бойынша 2019 жылдың қазан айының 15-нен бастап кестеге сай білім ошағында жылыту маусымы басталатын нын, жылыту қазандығындағы бүгінгі күнге жылыту қазандығы жөндеу өткендігін баяндап өтті.



Оқу бағдарламасы бойынша кеңес мүшелері отырыс соңында мектептің буфетімен , буфеттің материалдық жабдықталуымен, санитарлық тазалығымен, сонымен қатар жылыту қазандығының жабдықталуымен, жалпы жұмысымен танысып өтті

Шешім:

1. Мектеп буфетінде бір мезгіл 25 оқушыға берілетін ыстық тамақ мектеп әкімшілігі тарапынан және қамқоршылық кеңесінің мұшелерінің қаысумен оқу жылы бойы қадағалануы қажет.
2. Жылыту маусымы басталғаннан кейін кезекшілік күшейтіліп, мектеп ішінде жылулық температуралық режим үздіксіз сақталуы керек.


1.Қамқоршылық кеңес төрайымы У Оразымбетова
Мүшелері : Асылбаев Бауыржан
Жексенова Жанагүл
Сүлейменова Гүлжан
Мүсірепбекова Айнұр
Есеев Бағлан
Сырқалбаева Раушан
Сейдуахасов Муратша
Көншекова Қаламқас





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив