26
сәуір
2022
«Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы»
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында айлық жоспары бойынша сәуір айында бастауыш сынып мұғалімі А.Қалиеваның ұйымдастыруымен кезекті отырысы «Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтілді.
Мақсаты:Ұстаздарды жаңашылдыққа инновациялық әдіс- тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін ой –қиялын арттыру.
Міндеті:жаңа қоғамдағы адамгершілік,патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту.Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйін көтеру,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту .
Әдісі:топтық жұмыс,сұрақ-жауап, ой бөлісу, пікір алмасу
Көрнекілігі:плакаттар, маркерлер,А 4,слайд.
Дөңгелек үстел ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
Дөңгелек үстел құрылымы:І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Дөңгелек үстелдің мақсат- міндеттерін, ережелерін хабарлау
1.Мұғалімдермен танысу. Әр мұғалім өз атын атап және «ешқашан» деген сөзге өзіне тән сөз тіркесін қосып айтады. Мысалы: Менің атым Айжан, мен ешқашан сабаққа кешігіп келген емеспін. т.б.с.с
2.Бейнебаян «Жаңартылған бағдарлама»
Жаңартылған білім беру мазмұны туралы қысқаша түсінік.
Негізгі құжаттар: ҰМЖ, ОМЖ; ҚМЖ
ҰМЖ бір жылға ұсынылған тақырыптық жоспар
ОМЖ белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау (әр тоқсанға жазылған оқу жоспары, оқу мақсаттары, іс әрекеттер)
ҚМЖ мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары)
Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы туралы тоқтала кету.
Бес дағды: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдік нормаларды қолдану.
3.Топқа бөлу.
І.санатты ұстаздар тобы
ІІ.санатты ұстаздар тобы
Топтың атаулары алдын ала көрсетіледі. Әр топ өздерінің қабілеттеріне бейім топтың атауын таңдап алады.Тапсырмалар алған топтарға он минут уақыт беріледі. Дайындық жүргізетін орынды мұғалімдер өздері таңдайды.(сынып іші, дәліз, партада, сыныптың бір бұрышы т.б.с.с)
4.Топпен жұмыс.Ортақ тақырыптарыңыз «Бізді қоршаған әлем»
1.Әншілер тобы (бір шумақ өлеңді 3 түрлі әуенге салып орындау)
2.Суретшілер тобы (ақ қағазда бір қара нүкте орналасқан. Сол нүктені суретке айналдыру - Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.)
Тапсырмалар.
Әншілер тобы өздері бір шумақ өлең құрастырып, сол өлеңді 3 түрлі әуенге салып орындап береді
Суретшілер тобы ақ қағазда салынған бір қара нүктені суретке айналдыруып салып шығады.
Әр топ өз тапсырмаларын қорғауда жұмыстарын өмірмен байланыстыра отырып баяндау керек екендігі алдын ала ескертіледі. Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды ортада қорғайды. Әр топтың жұмысы «Бес бармақ» әдісі арқылы бағаланып отырылады.
Ой қорыту.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, әрбір жаңа ұғымдарды күнделікті өмірмен байланыстырып, тиімділігін дәлелдеуге бағыттау керек.
Сабақтарды өмірмен байланыстырып жоспарлау өтілген тақырыптарды қайталап пысықтауда және тарауды қорытындылауда тиімді болып табылады. Бұл сабақтарды өткізерде, өмірдегі оқиғалармен байланыстыруда оқушылардың жас ерекшелігін ескерген жөн.
Оқушылар қорытынды жасай білуге үйрену керек. Байқағыштыққа, тапқырлыққа, берілген мәселелерді шеше білуге. өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білуге бейімделуі қажет.
Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында “ ортақ тақырыптардың” берілуі әлеуметтік дағдыларды қалыпттастыруға өте тиімді болып отыр.
5.ІV.Қорытынды бөлім: Кері байланыс.
Тақтаға назар аударамыз. Сіздердің алдарыңызда стикер берілген. Тақтада берілген суреттердің тиісті біреуінің суретін сол стикерге салып, Мына өздеріңіз жасаған көпірге жапсыруларыңызды сұраймыз.
Суреттердің астында мына сөздер жазылған.
•Көңілсіз, қызықсыз болды
•Көңілді қызықты болды
•Сұрақтарым бар
•Тақырыпты түсіндім
•Сабақта берілген тақырыптарды орындадым
•Жаңа мағлұматтарды білдім