25
мамыр
2022
40 жылдық кездесу
"Ақжол" ауылының 1965 жылғы туылған түлектері Жауғаш батыр атындағы N15 жалпы орта білім беретін мектебін осыдан 40 жыл бұрын аяқтап, алтын ұя мектебінен жан-жаққа ұшып кетіп, енді міне, сол балалықтың қызық шағын өткізген білім ордасында қайта қауышып, кездесуге қонақ боп келді. Балалық шақтарын еске түсіріп, бір серпіле керемет көңіл-күйде оқу бөлмелерін аралады. Мектепке, алғашқы ұзтаздарына көптеген сыйлықтар, гүл шоқтарын жəне суретте көрсетілгендей естелікке мектеп ауласына "I LOVE AKJOL" монументін орнатып берді. Сонымен қатар, жомарт түлек ретінде мектепке керекті құралдарды сыйлыққа берді. 40 жылдық түлектер осы іс-шараға бағыт бағдар беріп, ұйымдастырған мектеп директоры Жанар Асанқызына және мектеп әкімшілігіне, ұжымға шексіз алғыстарын…