16
желтоқсан
2021
Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу
Ағымдағы жылы 15 желтоқсан күні Желтоқсан оқиғасына 35 және ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" тақырыбында Меркі ауданының Желтоқсан оқиғасының қаһармандары Айнұр Қыпшақбайқызы Тогисбаевамен, Эльмира және Гүлмира Қуанышбайқыздары Жуанышовалармен кездесу өтті. Білім алушыларға Тәуелсіздіктің бастауы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіріп, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандар туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, еліміздің еңсесі жоғары, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, өзге мемлекеттермен тереземіз тең екенін, көп ұлтты халқымыздың татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі, еліміздің мызғымас тұтастығын және желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадірін ұғынуға білім алушыларға жете түсіндірілді.

