«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» тақырыбында оқушылармен кездесу өтілді.
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебінде
Ақ жол ауылының тумасы 1990 жылғы түлек, , қазіргі кезде Тараз қаласындағы №2 қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқаратын Жаманбаева Гүлшат Қонысқызымен «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» тақырыбында оқушылармен кездесу өтілді.
Кездесу барысында Жаманбаева Гүлшат Қонысқызы мағынасы өте терең туған жер туралы , өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатақанын, сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармауыз керек екенін ерекше айтып өтті . Кездесу барысында оқушыларға көптеген ақыл кеңесін айып, келешекте Ақ жол ауылын қалай көркейтуге болатыны жайлы өз пікірін қағазға түсіріп, балаларға түсіндіріп, сонымен қатар қазіргі жағдайға қалай жеткенін баяндап берді.
Оқушылардың көптеген пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Оқушыларды салауатты өмір сүруге, темкіден,насыбайдан, ішімдіктен аулақ
болуға шақырды.Кездесу барысында оқушыларға 30 000 мың тенге көлемінде тұратын спорттық инвентарь көмек көрсетілді.
Әрқашанда туған жерлерiн ұмытпай, оған қамқорлық жасап, қолдап отыру керектігін, патриоттық сезiм, ол әркiмде болуы керектігін,
«Туған ел» ұғымы адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым екенін, әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып,әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұту керектігін айтып кездесуді қорытындылады.


