Ашық есік
15 қыркүйекте «Ашық есік» күні өткені туралы анықтама
Жауғаш батыр атындағы №15жалпы орта білім беретін мектебінде тамақтандыру жұмыстарын жетілдіру,тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 2021жылдың 15- қыркүйегінде «Тиімді тамақтану-денсаулықтың кепілі» атты ашық есік күні өткізілді. Мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру қағидаларына » сай жүргізілуде.Асхана санитарлық нормаға сай, асхана қажетті құрылғылармен жабдықталған. Асхана бұрышында оқушылардың тамақ ішу кестесі,комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесі ілінген.
Ашық есік күні бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған білім алушыларға беріліп отырған тамақ сапасын бағалау мақсатында өткізілді.