15
ақпан
2023
«Оқытудағы жаңа технологиялардың рөлі»

Мақсаты: Білім беру жүйесінде маңызды болып табылатын мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялардың рөлін меңгеруі. Жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік беруі.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі– оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені, олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы, даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуі де біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Мектеп – мұғалімдер үшін екінші үй. Оқушылар оның өз баласы іспетті. Сонда олар өте үлкен отбасында өмір сүріп жатырғандай. Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің мектебіңізді қауіп – қатер, қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ал егер жасыл жапырақ көп болса, онда сіздің мектебіңізде түсіністік, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы, ұстаз бен оқушы, ата-ана арасында ынтымақтың мол болғаны. Сондықтан да, құрметті әріптестер, педагогикалық қызметте шеберліктің шыңына жетіп, ынтымақтаса жұмыстанайық.
«Орташа мұғалім-айтып береді, жақсы мұғалім – түсіндіреді, үздік мұғалім- шабыттандырады» деп А.Уорт айтқанындай оқушылардың құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып, нәтижелі болуға тиіс. Сондықтан да ұстаздардың ең жоғарғы көрінісі қазіргі жаңа технологиялар мен интернет ресурстарды пайдалана білуі болып табылады.