02
желтоқсан
2025
№ЖОББМ
«ЖАС САҚШЫ” ПОЛИЦИЯ КӨМЕКШІЛЕРІН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ
Мектепте 2025 жылдың қараша айының 27 күні «Жас сақшы» полиция көмекшілерінің ұлықтау рәсімі өтті.
«Жас сақшы» полиция сыныбын құру - Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.
Мақсаты: білім алушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді, ұлттық сананы қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерін, еңбекшілдікті және белсенділікті арттыру. Іс-шараға Мектеп инспекторы Н.Е.Сыдықбеков пен мектеп директоры Ж.А.Усербаева қатысты.
Іс-шараны мектеп директоры Ж.Усербаева ашып, «Жас сақшы» сыныбы жас ұрпақтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын көтеруге ықпалын тигізетіндігін айтып өтті. Салтанатты жиынның қонақтары «Жас сақшы» полиция көмекшілерінің Ант қабылдау рәсімімен құттықтап, ұйымға қабылданған білім алушыларға куәліктерін табыстады.