06
ақпан
2025
"Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет"
"Біртұтас тәрбие жоспары аясында ақпан айы жасампаздық және жаңашылдық" айлығы аясында аудандық полиция бөлімімен бірлекскен жоспарға сәйкес 2025 жылдың ақпан айының 6 күні Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-11 сынып оқушыларымен "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбында кездесу өтті. Кездесу мақсаты: жасөспірімдер арасында зиянда әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру. Кездесуге АПБ -нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторы Шолпанбаев Қуаныш, Меркі ауданы АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Исабеков Бектас және Меркі ауданы АПБ ЖПКБ-нің ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Мухтар Талшын қатысты. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Кездесуде ұлдар тәртібі, оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға сабақтан себепсіз қалмауын, себепсіз қалған жағдайда ҚР ӘКБТК-нің 127-б 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке 10АЕК, яғни 36920тг айыппұл салынатыны, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 1-2 бөлімінің орындалуы бойынша түнгі 22.00-6.00 аралығында заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде қоғамдық орындарда жүрмеуі туралы айтылды.




