01
қыркүйек
2025
15 ЖОББМ
2025 жылдың 1- қыркүйек күні Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектебім - мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру; білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру;
білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Мектеп ауласында салтанатты шараға шақырылған ата-аналар, мектеп оқушылары, білім беру саласы басшылары. Мереке салтанатты сапқа тұрғызудан басталды. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Көшербаев Дәулет Арыстанбекұлы мен Аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жантелиев Жұмахан Сихаұлы қатысып, оқушыларды білім күнімен құттықтады.
Мектеп директоры Ж.А.Усербаева мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиында құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мектеп директоры орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы бұйрығымен таныстырып өтті.
1 сынып оқушыларына алғашқы оқулығы “Әліппе” табысталып, әсем әнмен жалғасын тапты.