"Квадрат теңдеулерге есептер шығару"
Мақсаты: «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:Квадрат теңдеудің анықтамасын біледі, түрлерін (толық квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу, келтірілген квадрат теңдеу) ажырата алады. Түбірлерін есептеп табады.
7 модульдің қолданылуы:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау жәнеоқуды бағалау, оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, шағын тест.
Қолданылатын ресурстар: кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, плакаттар, маркер.