26
қаңтар
2022
«Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын алу»
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебінде Діни экстремизмжәне терроризмге қарсы күреске бағытталған жоспар аясында желтоқсан айында «Деструктивті және радикалды діни ағымдар , ұйымдар идеологияларының алдын алу» бойынша кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге Меркі ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі істер бөлімінің теолог маманы келіп мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына түсіндіріп, сұрақтар қойылды. Бүгінгі таңда жастар ғаламторда ұзақ отырады.Соның салдарынан теріс мәліметтерге тап болып, психологиялық өзгерістерге ұшырап жатады. Ғаламтор уақытымызды босқа кетіріп, жалған мәлімет беріп, діни экстремизмге, тіпті азғындыққада итермелеуі мүмкін. Ғаламторды қолданғанда келтірілген мәліметке бірден сене салуға болмайды. Расында да интернет бүкіл теріс пиғылды топтардың тиімді құралына айналып отыр. Ғаламторда көрген, оқыған және естіген нәрсенің барлығын саналы түрде сараптаған жөн.
Мақсаты: а) Оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен заңдылықтарын ұғындыру;
ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық , ланкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру