13
мамыр
2026
№15ЖОББМ
Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Жауғаш батыр атындағы N15 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Усербаева Жанар Асановна 14-17 жастағы қыздар арасында "Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында тәрбие сабағын өтті.
✳️ Тәрбие сабағының мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттап, әдептілікке, инабаттылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қазақ халқы ежелден қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. «Қызға қырық үйден тыйым» деп, оның жүріс-тұрысына, сөйлеу мәдениетіне, үлкенді сыйлауына, кішіні құрметтеуіне назар аударған. Өйткені бүгінгі тәрбиелі қыз – ертеңгі ұлағатты ана, өнегелі келін, саналы ұрпақтың тәрбиешісі.
Қыз бала – отбасының ғана емес, бүкіл ұлттың абыройы мен айнасы. Қыздың бойындағы ұяңдық, ибалық, мейірімділік, тазалық пен мәдениеттілік – ұлттық тәрбиенің басты көрінісі. Қазіргі қоғамда қыз балалардың білімді, тәрбиелі, өз ойын ашық жеткізе алатын, бірақ ұлттық болмысын жоғалтпайтын азамат болып қалыптасуы маңызды.
✳️ Тәрбие сабағы барысында қыз баланың қоғамдағы орны, отбасындағы тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрлер мен адамгершілік қасиеттер туралы айтылып, білім алушылар арасында пікір алмасу, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақтың дана қыздары мен батыр аналарының өмірі үлгі етіліп, олардың өнегелі істері насихатталды.
✳️ Қорытындылай келе, қыз тәрбиесіне бейжай қарау – ұлт болашағына немқұрайлы қараумен тең. Сондықтан әрбір қыз бала өзінің тәрбиесімен, білімімен, инабатымен елдің мақтанышына айналуы тиіс. «Тәрбиелі қыз – тәрбиелі ұлттың кепілі» екенін әрдайым есте ұстауымыз қажет.