14
желтоқсан
2021
"Шешесін көріп, қызын ал!"
N15 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 9 желтоқсанында "Қыз Жібек" үйірмесінің жұмыс жоспары барысында "Шешесін көріп, қызын ал!" тақырыбында іс-шара өткізілді. Қыздарға тәрбие беру бағытында бейнекөрсетілім көрсетіліп, көптеген мәліметтер берілді. Қыз баланың ерекше тәрбиесіне халқымыздың даналығында небір айтылған мақал-мәтел төңірегінде сұрақ-жауаптар берілді. Қыз бала өз анасына қарап, тәлім - тәрбие алады. Анасын сыйлай білген қыз, өз абыройында ұстай біледі. "Қызға қырық үйден тыю" демекші, халқымыз қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Осы мәліметтерді беру арқылы қыздарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.