№15 ЖОББМ
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде қаңтар айының 22.01-26.01 күндер аралығында мектепішілік бақылау жоспарының аясында «Білім негізі бастауыш» апталығы өтілді. Апталық барысында 26.01.2024 күні 2 сынып білім алушыларымен математика пәнінен «Бөлу амалының компоненттері арасындағы өзара байланыс» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Мақсаты: Көбейту және бөлу өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.