26
қараша
2022
"Ауа райы және метеорологиялық элементтер"
Жауғаш батыр атындағы #15 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану - математика пәндер бірлестігінің айлығы өтілуіне байланысты география пәнінің мұғалімі Т.Алимжановтың ұйымдастыруымен 7- ші сыныпта "Ауа райы және метеорологиялық элементтер" тақырыбында ашық сабақ өтілді. Мақсаты: Метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды түсініп сипаттап, оларды өлшейтін құрал - жабдықтармен танысып, өлшем бірліктерін анықтайды."Миға шабуыл" әдісі қолданылды. "Жұбыңды тап" әдісі арқылы топқа бөлінді.Жеке және жұптық жұмыстары атқарылды.Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сабақ мақсатына жетті!
