16
желтоқсан
2021
Құттықтау
Құрметті әріптестер!
Бүгінгі келіп жеткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық ұлық мерекесі құтты болсын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты - азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Еліміздің ынтымағы мен бірлігі ешқашан сарқылмасын! Егемендігіміз мәңгілік болып, жылдан жылға еліміз өркендей беруін тілей отырып, әр отбасы берекелі, дәулетті, ырысты болуды нәсіп етсін дегім келеді!
Сан ғасырлар бойы армандап, қол жеткізген осынау Тәңірдің сыйын бағалап, қастерлеп, құндылығын жас ұрпаққа ұғындырып, келесі буынға аман - есен жеткізейік!
Еліміз аман, жұртымыз бай қуатты болсын!
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Усербаева Жанар Асанқызы