21
сәуір
2025
"Менің әкем- жақсы адам"
Жауғаш батыр атындағы №15жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қ. Қарабекованың ұйымдастыруымен 2 сынып білім алушылары арасында "Менің әкем- жақсы адам"тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту, ұлттық салт- дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген махаббатын ояту. Бала үшін әкенің орны бөлек."Әке "деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп, ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағының тоқтығы, киімінің бүтіндігі, оқуының сапасы, ұйқының тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы"Әкелер "аман болса екен деймін.












