03
наурыз
2025
15 ЖОББМ
Жауғаш батыр атындағы #15 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 наурыз -Алғыс айту күніне орай сынып жетекші Р.Оразқұлованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтілді.Тәрбие сағатының мақсаты: ризашылық пен сыйластық түсініктерін кеңейту.Оқушыларды кішіпейіл, ізетті болуға тәрбиелеу. Жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету.Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерін ешкімнен аямай "Рахмет" деген қасиетті сөзді жиі айтып, өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпау керек деп тәрбие сағатын қорытты.
