07
наурыз
2025
15 ЖОББМ
2025 жылдың 17 ақпан күні мектебіміздің 9 -сынып білім алушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша #9 Меркі кәсіптік колледжінің мамандарымен кездесу өткізілді. Мақсаты: мамандық әлеміне ақпарат беру, мамандық таңдауда оқушыларға бағыт бағдар беру. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлерімен таныстыру. Кездесу барысында әртүрлі мамандықтар мен танысты. Колледж түлектерінің жетістіктері туралы ақпараттармен бөлісіп, оқу орнына түсу үшін қойылатын талаптар мен оқудағы жеңілдіктер және түлектерді еңбекке орналастыру тәртібімен таныстырды.




