28
қараша
2024
"Дін және мемлекет"
Жауғаш батыр атындағы №15 ЖОББМ де Ағымдағы жылдың қараша айының 26 күні Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, дін саласындағы аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы мен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Жұматаев 9-11 сынып білім алушыларымен "Дін және мемлекет" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстандағы дін мен мемлекет қарым-қатынастары негізінен Конституция арқылы және "Дін қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңның "Дін және мемлекет" деген 3 бабы арқылы реттелетіні туралы мәліметтермен таныстырды.


