23
ақпан
2024
№15 ЖОББМ
Жауғаш батыр атындағы #15 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қ. Қарабекованың ұйымдастыруымен 1 сынып білім алушыларымен "1- наурыз Алғыс айту! " тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Мақсаты:Оқушылардың "сыйластық"құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Алғыс айту күні- күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір- біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.