04
қаңтар
2023
№15 ЖОББМ
2022 жылдың 26 желтоқсан күні Меркі ауданы білім беру қызметкерлерінін кәсіподағының кезекті V пленумы өтті. Пленумға Жамбыл облысы білім және ғылым кызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Сәбенұлы Мағзымбеков, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы, Аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Асанжанова Мадина Болысбекқызы, мектеп директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты.Пленум мушелері Кәсіподақтың жарғылық талаптарды орындау жағдайы мен коғамдағы ролін күшейту мен еңбекшілердің сенімін нығайту міндетттерін айқындау қызметін талқылады. Жергілікті кәсіподақ төрагасы Ерулан Мағзымбеков ұстаздардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау багытындагы іс-шараларға тоқталды. Білім бөлімінің басшысы Айгерім Аханкызы әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақпен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар туралы есепті баяндамасын оқып, ұстаздардың әлеуметтік мәртебесін арттыру кәсіподақ мушелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы іс-шараларға тоқталып білім беру ұйымының басшыларын «Үздік жұмыс беруші» номинациясымен және бағалы сыйлыктармен марапаттады.
Осы орайда аталған жиынға Жауғаш батыр атындағы N15 ЖОББМ директоры Усербаева Жанар Асанқызы мен мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы Спанқұлов Ғани Асқарбайұлы белсене қатысты.