25
қараша
2021
Вакцинациялау
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021жылдың 25 қараша күні аудандық әкімдік пен аурухана қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ келіп, ата - аналармен Pfizer вакцинасы бойынша жиналыс өткізді. Жиналыс барысында қазіргі коронавирус ауруының таралуына байланысты 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін 100 пайыз вакцина екпе алу керектігін айтып өтті. Әрине, «Балаларды вакцинациялау қазір жобада. Бұл тек ата - анасының келісімімен ғана ерікті болады» деді мобильдік топ мүшесі. Вакцина білім алушыларға екі кезең бойынша салынады. Бірінші кезең мен екінші кезеңнің арасы 21 күнді құрайды.