14
желтоқсан
2021
"Вейп-денсаулыққа өте қауіпті"
Жауғаш батыр атындағы N15 ЖОББМ 2021жылдың 7 желтоқсан күні ДТЖО мен әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен "Вейп-денсаулыққа өте қауіпті" атты 7-9 сынып білім алушылар арасында бейнеролик көрсетілді. Білім алушылар арасында вейп-шылымдары мен электронды сигареттерді тұтынудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Электронды сигареттің денсаулыққа, адам ағзасына қаншалықты зиян екендігі туралы айтыла отырып салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
