17
қараша
2021
"Дұрыс тамақтана білеміз бе?"
2021 жылдың 2 желтоқсанында Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде 2, 3а, 3ә, 4 бастауыш сыныптың білім алушылар арасында "Дұрыс тамақтана білеміз бе?" атты сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: "Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұйымдарды кеңейту. Ой өрісін, есте сақтау қабілетін кеңейту, ізденушілігін арттыру. Оқушылардың шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы болуға, әдемі де сымбатты болуға тәрбиелеу. Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан-2030" бағдарламасында денсаулығы мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтелгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгінімен басталатынын көрсетсе керек. Егер адам салауатты өмір салтын ұстанатын болса, дұрыс тамақтанып, тазалық сақтаса оның денсаулығы мықты, жүзі жарқын, ақылды, бақытты адам болатынын білім алушылар түсінді.
