13
желтоқсан
2021
"Өз құқықтарын қорғауды үйренуде"
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде директор жанындағы тәрбие ісінің орынбасары Қ. Бегайдаров, кезекші мұғалімдер Ж. Тажиев, Ж. Өмірқұлов түнгі рейдке шықты. Рейд барысында түнгі сағат оннан кейін жасы кәмелетке толмаған бала көшеде жүрмеуі тиіс. Олардың өміріне ата-анадан бөлек жауапты саналатын білім бөлімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жыл бойына жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түрлі шаралар ұйымдастырып, түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді.
– Кәмелет жасына толмаған оқушылардың тәрбие жұмысын жақсартуда мектеп басшысымен бірлесіп, тоқсандық іс-шара жоспары түзіледі. Онда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда күн сайын рейд ұйымдастырылып, 8-11 сынып оқушылары арасында құқықтық дәрістер және жаман әдеттерден сақтандыру мақсатында дөңгелек үстелдер, сұхбаттарды жиі өткіземіз. Соның ішінде оқушылардың кешкі уақытта көшеде жүру ережелерін егжей-тегжей түсіндіреміз.