14
мамыр
2025
№15 ЖОББМ
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!
Мектеп әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді!
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
1. Бітіруші 4 және 9,11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
2. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
3. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру;
4. Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық – шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинау;
5. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтарды қабылдау;
6. Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруы;
7. Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Бұл шектеулер - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз. Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – біз үшін абыройлы МІНДЕТ!
Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа кез-келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынбыз!
Құрметпен, Жауғаш батыр атындағы N15 ЖОББМ директоры Усербаева Жанар Асановна