30
қаңтар
2023
№15 ЖОББМ





Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні Түркістан қаласында "Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы" қоғамдық қоры мен Европалық білім және ғылым орталығы, Варшава қаласының Коперник орталығының ұйымдастыруымен "Қазіргі балалар ғылымы: жаңа тәсілдер және қазіргі зерттеулер" тақырыбы бойынша 1-11сынып оқушылары мен колледж, ЖОО студенттері арасында Республикалық жобалар байқауы жаратылыстану және физика-математика мен гуманитарлық бағытта болып өтті.Осы аталған байқауға Жауғаш батыр атындағы N15 жалпы орта білім беретін мектебінің білім алушылары өз ғылыми жұмыстарын ұсынып, қорғады.Нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 9 сынып білім алушысы🥇Қалдыбай Айша - І орынды, жетекшісі Р.Оразкулова, 9 сынып білім алушысы 🥈Сағымбай Бану - ІІ орынды, жетекшісі А.Кенембаева, 10 сынып білім алушысы🥈 Әшімхан Гүлнұр - ІІ орынды, жетекшісі Г.Мухатаева, 10 сынып білім алушысы 🥈Солтаналы Гүлсезім - ІІ орынды, жетекшісі А.Дауылбаева, 7 сынып білім алушысы 🥈Алпысбай Кәусар - ІІ орынды, жетекшісі Д.Асылбаева иеленді.
Академия ғылыми-зерттеу жобасына қатысушыларды ұйымдастырып және дайындағаны үшін жетекші ұстаздарымызды Алғыс хатпен марапаттады.
Түркістан қаласынан өлкемізге олжалы оралған, бұндай жетістікке талмай еңбекпен, білімнің арқасында жеткен білім алушылар мен жетекшілерді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық шабыт пен қажымас қайрат тілейміз!!!