10
ақпан
2022
№15 ЖОББМ
Ақпараттық технологияның шарықтаған заманында баланың бос уақытын дұрыс жоспарлаудың тиімді тәсілі - мектептегі үйірме жұмыстары болмақ. Баланың шығармашылығын шыңдайтын, тіпті, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына септігін тигізетін сабақтан тыс жұмыстардың пайдасы зор. Сондай үйірме жұмыстарының сапалы жүргізілуінің нәтижесінде Жауғаш батыр атындағы N15 жалпы орта білім беретін мектебіндегі "Қызықты архитектура" үйірмесінің жетекшісі Мұрат Абайдуллаевтың шәкірті 9 сынып білім алушысы Әшімхан Гүлнұр Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздік - тұғырым" атты байқауына қатысып, І дәрежелі диплом иеленіп, "Атадан мұра" қорының бағалы сыйлығымен марапатталды. Жетекшісі Мұрат Абайдуллаев үздік шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.


