09
наурыз
2023
Қымбатты барша ару Аналар, аяулы ұстаздар!

Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы, Сіздер – адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар!
Сіздер отбасының ұйытқысы, аяулы жар, анасыздар. Сонымен бірге өз салаңыздың касіби маманы ретінде еліміздің дамуына үлес қосып жатырсыздар.
Сіздердің мүмкіндіктеріңіз бен күш-жігерлеріңізге
шек жоқ.
Ардакты аналар, аяулы арулар, көгілдір көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын! "Ана барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы" дегендей, Сіздердің атқарып жатқан еңбектеріңіздің жемісі тәтті, мазмұны көлемді, мерейі зор болсын! Аналық мейірім құшағыңыз гүлге, аналық сезім құшағыңыз махаббат жылуына, көңіліңіз сүйіспеншілік шуағына толы болсын!
Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, Қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілеймін!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақындарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер!!!
Ізгі тілекпен Усербаева Жанар Асанқызы!