№ 15 ЖОББМ » СШ№15 им. Жаугаш батыр
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№15 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-41-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-41-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2022

№ 15 ЖОББМ

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Желтоқсан оқиғасына 36 және ел Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына байланысты Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маралбаева Гауһар Ділдәбекқызының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік қаһарманы" тақырыбында Меркі ауданының Желтоқсан оқиғасының қаһармандарымен кездесу кеші өтті. 

  Іс-шараға "Тәуелсіздік 1986 Желтоқсан" Қоғамдық бірлестігінің Меркі ауданындағы сенімді өкілі Тогисбаева Айнұр Қыпшақбайқызы мен Желтоқсан қаһарманы Садибекова Күлзада Аятанқызы құрметті қонақ болып шақырылды.
 
  Кездесу барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қонақ болып келген Желтоқсан қаһармандары естелік айтып, білім алушылардың сұрағына жауап берді. Білім алушыларға Тәуелсіздіктің бастауы Желтоқсан оқиғасы екенін, Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, жас жеткіншектерге еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында еліміздің еңсесі жоғары, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, өзге мемлекеттермен тереземіз тең екенін, көп ұлтты халқымыздың татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі, еліміздің мызғымас тұтастығын және желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадірін ұғыну керектігі білім алушыларға жете түсіндірілді. 
 
  Кездесу соңында желтоқсан оқиғасына байланысты сахналандырылған көрініс көрсетіліп, арнаулар оқылды. Кеш қонақтары мектеп кітапханасына "Ұлт шырағы" атты кітапты сыйлыққа беріп, тапсырды.

Похожие публикации:

21 қараша 2022 №15 ЖОББМ
27 ақпан 2022 №15 ЖОББМ
27 ақпан 2022 №15 ЖОББМ
09 желтоқсан 2021 "Ұшқыр ой алаңы"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив