12
желтоқсан
2022
Тәуелсіздік - Мәңгілік
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы білім беретін мектебінде 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай жоспарланған іс-шараларға сәйкес "Тәуелсіздік - Мәңгілік" тақырыбында 12.12.2022 ж 8- сынып жетекшісі Оразқұлова Рима ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Сабақ әнұранмен басталып, 16-желтоқсан күні қаза тапқан батырлардың құрметіне 1 минуттық үнсіздік болды. Сабақ өз деңгейінде өткізілді.
