16 мамыр 2022 0 1 2 3 4 5 Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Жауғаш батыр атындағы N15 жалпы орта білім беретін мектебінде 5 маусымға белгіленген Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум туралы ұжым мүшелерімен жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Ж.Усербаева ашып, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап берері сөзсіз екенін және жаңа серпін берері айқын екені туралы айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Спанқұлов референдум бойынша презентациямен таныстырып, ұжым мүшелері өз пікірлері айтып, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын, дамудың жаңа кезеңінде жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай шешімді, Президент бастамасын қолдайтындықтарын біркісідей білдірді.