12
ақпан
2022
Тәрбие сағаты
Жауғаш батыр атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 сынып жетекшісі Қ.Қарабекованың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты тақырыпта тәрби сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, өміршең өлеңдерінің мазмұнын ашып, оларды жан-жақты талдау арқылы ақын бойындағы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген рухани бай тұлға қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбие сағаты Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы есімнің иесі- Мұқағали Мақатаевқа арналды. Ақынның өмірбаяны таныстырылып, өлеңдері мен әндері туралы айтылды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз білім алушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Тәрбие сағатының соңында 4 сынып білім алушылары тәрбие сағатынан алған әсерімен ой бөлісті.